Құлыбаевтар «Қазақстан халқына» 10 млрд теңге аударды

948

«Халық» Қайырымдылық қоры «Қазақстан халқына» қорына 10 млрд теңге аударды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қосымша қаржыландыру «Халық» қорының құрылтайшылары Тимур мен Динара Құлыбаевтардың жарналарының арқасында мүмкін болды. Олардың тұрақты қолдауының арқасында «Халық» қоры Қазақстан халқына жүйелі көмек көрсетеді: тек 2020-2021 жж. аралығында Қор 18 миллиард теңгеден астам сомаға қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асырды. Оның ішінде пандемия кезінде халыққа көмек көрсету, медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, ең мұқтаж тұрғындарға азық-түлік себеттерін тарату, балалар мен жастарға сапалы білім беруді дамыту бағдарламалары және басқа да қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асырды.

2022 жылдың қаңтар айында Құлыбаевтар отбасы әлеуметтік мәселелерді шешу үшін Halyk Bank пен «Халық» қайырымдылық қоры арқылы «Қазақстан халқына» қорына алғашқылардың бірі болып 5 миллиард теңге аударды.

«Мемлекет басшысы Қазақстанның әрбір азаматының жақсы тұрарлық өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін Үкіметтің, қайырымдылық ұйымдары мен меценаттардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған маңызды бастамасын көтерді. Біз еліміздің өркендеуіне бағытталған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдауды жалғастыруға дайынбыз», – дейді «Халық» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаева.