Түркістан облысында бас дәрігер 500 мың теңге пара алғаны үшін ұсталды

1000

Ол 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Бас дәрігер бұл ақшаға халыққа тегін берілетін кепілдендірілген медициналық көмек көрсету бағдарламасы бойынша жеке емхананы бюджеттен қаржыландыруға уәде берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша департаменті облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Келес аудандық «Абай» аудандық ауруханасының бас дәрігері 1963 жылы туған Аида Бексұлтановаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Тергеу кезінде анықталғандай, өткен жылдың 8 желтоқсанында бас дәрігер жеке стоматологиялық емхана директорынан бопсалау арқылы 500 000 теңге алған. «Алым» тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметтерді көрсету шартының мерзімін ұзартуға, сондай-ақ қызмет көрсету актісі бойынша қаражатты уақтылы аударуды көздеген.

2022 жылы 4 ақпан күні кешке Аида Бексұлтанованы қылмыстық қудалау органдары парамен ұстады. Оның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен (Бопсалау арқылы пара алу) квалификацияланды. Соттың шешімімен айыпталушыға екі ай мерзімге тергеу изоляторына қамауға алу туралы санкция берілді.

Тағылған айып бойынша Қылмыстық кодексте жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.