Тоқаев пен Назарбаевтың арасында өткен келіссөз жайлы ақпарат белгілі болды

982

Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арасында өткен келіссөз жайлы белгілі болды, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы «РПУ «Данк» Telegram-арнасы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды.

«Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, 9 қаңтарда Нұр-Сұлтанда Назарбаев пен Тоқаевтың кездесуі өтіп, онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті «айналасындағылардың» өзін қалай күйреткені туралы айтқан. Әсіресе, Елбасы Кәрім Мәсімовтің әрекетіне қынжылады» делінген хабарламада.

Еске салсақ, Назарбаев қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін 18 қаңтар күні алғаш рет қалың жұртшыққа шығып, үндеу жасады. Ол өзінің елден кетуі туралы қауесетті жоққа шығарды және наразылық ұйымдастырушылары Қазақстанның мемлекет ретіндегі тұтастығы мен негізін жойғысы келетінін мәлімдеді. Назарбаев Қазақстанның саяси элиталары арасында ықпал үшін күрес жоқ екенін атап өтті.