Бүгіннен бастап Қазақстанда мобильді аударымдар тексеріле бастайды

950

Елімізде кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс белгілері бар-жоғын анықтайтын критерий күшіне енді

Бүгіннен бастап Қазақстанда жеке тұлғалардың банк операцияларында кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс белгілері бар-жоғын анықтайтын критерий күшіне енді, деп хабарлайды LS.

Салық қызметкерлері егер бір жеке тұлға қатарынан үш күнтізбелік айдың ішінде 100 және одан да көп адамнан кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына ақша алатын болса, онда мұндай операциялар бизнесті енгізуден түсетін табыс белгілеріне ие болатынын еске салды.

Екінші деңгейдегі банктер қолда бар санаттарды толықтыра отырып, жеке тұлғалардың мынадай санаттары бойынша мәліметтерді кезең-кезеңімен мемлекеттік кіріс органдарына беретін болады:

  • бірінші кезең (2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін) – мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша;
  • екінші кезең (2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін) – бюджет саласының қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары бойынша;
  • үшінші кезең (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін) – заңды тұлғалардың, ЖК басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары бойынша;
  • төртінші кезең (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап) – халықтың қалған санаттары бойынша.

Бұл ретте 2023 жылы екінші деңгейдегі банктер бірінші кезеңнің тұлғалары бойынша мәліметтер беретін болады.
Сондай-ақ, салық қызметкерлері бұл шара жеке тұлғалармен салықты адал төлеушілердің жеке аударымдарына әсер етпейтінін еске салды.