Жақында Өзбекстанның белгілі әншісі әрі актрисасы Ситора Фармонова Түркістан қаласына келіп кетті.
Өнер иесі Түркістанда өткен гала-концертте ән салып, реалити-сериалға түсті, деп хабарлайды Экспресс К.
Ұйымдастырушылар Ситораға 29 миллион теңге қаламақы төлеген. Бұл туралы Instagram-дағы Qazyna.qz парақшасы жазды. Өзбекстандық жұлдыз Түркістанға «Ауыл travel» реалити-сериалына түсуге келген. Сериал Пістелі ауылында жүзеге асқан. Сюжет бойынша танымал актриса сиыр сауып, нан пісіріп сол ауылдың өміріне сіңісуі тиіс. Телехикая 7 бөлімнен тұрады.
29 миллион теңге сериал түсіріліміне ғана емес, оның ішінде өзбекстандық актрисаға теленетін қаламақы, оның қонақ үйде тұруы, ұшақ билеті кіреді,