БИЫЛ 8 ЕЛДІ МЕКЕН САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

1129
Биыл сапалы электр қуатымен қамту үшін 9 елді мекеннің ішкі жүйелері мен «Ақжар» 110/35/10кВ және «Ынтымақ» 110/35/10кВ қосалқы станцияның құрылысы жүргізілуде.
Шымкент қаласында қазір 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылса, 8 елді мекен жарықты жекеменшік жүйеден алады.
Жыл соңына дейін «Ақжар» қосалқы станциясы мен 8 елді мекенде ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 17 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады.
Олар: Достық, Батыс, Нұртас, Сәуле-276 орам, Тұран, Солтүстік саяжай, Жаңаталап, Нұртас шағынаудандары.
Нәтижесінде қала аумағындағы сапалы электр қуатымен қамтылу көрсеткіші 97%-дан, 99%-ға жетпек.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі