ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА БИЫЛ 50 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛМАҚ

832

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында орталық пен ішкі орамдық көшелерге асфальт төсеу жұмыстары қолға алынып, 50 аула абаттандырылмақ, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ardak.kz ақпараттық агенттігі.

Биыл Әл-Фараби ауданында ұзындығы 11 шақырымды құрайтын орталық пен ішкі орамдық көшелерге асфальт төсеу жұмысы жоспарланып отыр.

Атап айтқанда Сәуле шағынауданындағы Жеңістін 50 жылдығы тұйығы №1,2 көше, Жастар мен Жабаев тұйығы, Марқакөл, Ақсемсер көшесі, Жаңабазар тұйығы және Мұратбаев көшесінің жалғасы жөнделеді.

МЖК шағынауданы Терешкова тұйығы, Терешкова өткелі, Қамал тұйығы (Застенная).

275 орамдағы Ақмылтық, Қаржантау, Үшағаш және Баянауыл көшесі.

Сонымен бірге, қайта қалпына келтіретін Бекетті мен Красноярский көшесі, Желтоқсан және Іляев көшелерінің қиылысы Байтұрсынов көшесіне кіреберісі де бар.

Ақжайық шағынауданында Ақжирен, Сәйгүлік, Самғау, Тайқоныр көшесі.

195 орам Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы және

№1 көшелер.

Самал-2 шағынауданы Жабай ата мен Мейірбеков көшесі.

Жандосов тұйығы, Қалдаяқов көшесінен Хадиша балабақшасына дейін.

Қазіргі сәтте, 275 орамда (4 көше), МЖК шағынауданында (3 тұйық) және 195 орамда (5 көше) асфальт салу жұмыстары аяқталды.

Ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданында 50 көп қабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарланған.

Қазіргі таңда, абаттандыру жұмыстары 28 аулада жүргізіліп жатыр. Аталған аулаларда тұрғындар демалуына арналған орындықтар мен бастырма, қоқыс жәшігі, балалар ойын элементтері және ересектерге арналған спорт элементтері орнатылуда. Аталған жұмыстарға «Strong service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «New level» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапты.

Ал қалған 22 ауланы абаттандыруға мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.