Елімізде Грузиядан әкелінген көліктерді жүргізуге болмайды — заңгер

1373

Соңғы уақыттарда елімізде Грузиядан әкелінген көліктердің саны көбейді. Осы көліктерді ҚР аумағында жүргізуге болады ма деген сұраққа заңгер жауап берді.

Заңгер Айдос Айдос Ибраймовтың айтуынша, елімізде Грузиядан әкелінген көліктерді жүргізуге болмайды, деп хабарлайды Экспресс-К.

Соңғы уақыттарда елімізде Грузиядан әкелінген көліктердің саны көбейді. Осы көліктерді ҚР аумағында жүргізуге болады ма деген сұраққа заңгер жауап берді.

Кеден одағынан тыс мемлекеттерден әкелінген көліктер Қазақстанда ресми түрде тіркелмесе, жүруге болмайды.

— Грузия автокөлігімен Қазақстан азаматы Қазақстан аумағында жүре алады ма деген сұрақты жиі қояды. Егерде біздің азаматтарымыз, яғни Кеден одағынан тыс мемлекеттерден, соның ішінде Грузиядан көлік сатып алып, оны кедендік рәсімдерден өткізбесеңіз, елімізге жүргізуге болмайды. Көшеде жүргенде көлігіңізді кеден қызметкерлері тоқтатып, арнайы тұраққа қояды. Бұл — заңды, — деді Айдос Ибраймов.

Демек Грузиядан әкелінген көліктерді ел аумағында жүргізуге болмайды. Арнайы тексеру шаралары кезінде көліктер тәркіленуі мүмкін.