Түркістан облысында 2 мыңға жуық мемқызметкер медициналық тексеруден өтуде

1767
Жұмыс бабымен Шымкенттен Түркістан облысына қоныс аударған 2 мыңға жуық мемлекеттік қызметшіні жыл сайынғы медициналық тексеруден өткізу жұмысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы мақсатқа Түркістан қалалық емханасынан арнайы орталық ашылды. Онда 6 орындық күндізгі емдеу стационары мен егу бөлмелері жұмыс істейді. Сондай-ақ кардиолог, травматолог, гематолог, нефролог және эндокринолог сынды білікті дәрігерлер қызметшілерді қатерлі ісік, сүт безі, мойын жатыры ісігі және қант диабеті, қан айналымы жүйесінің аурулары бойынша толық тексеруден өткізеді.
«Себебі көп жағдайда қызметкерлер басы ауырып, балтыры сыздамағандықтан арнайы барып, дәрігерлік тексеруден өте бермейді. Сондықтан аурудың алдын алу мақсатында барлық мемлекеттік қызметкерлерді толық жоспарлы тексеруден өткіземіз, — дейді емхана дәрігерлері. Бүгінге дейін 3 мекемеден 60-қа жуық маман тексеруден өткен. Алдағы маусым айына дейін облыстағы 36 мемлекеттік мекеме мен аудан, қалалардағы барлық қызметшілер осындай тексеруден өтеді.
Ақылбай Бердіқұлов, облыстық қаржы басқармасының бас маманы:
— Медициналық тексеруден өттік. Денсаулығыма ақау болмаса да, жыл сайынғы тексеруден өту қалыптасқан. Денсаулығымызды тексеріп, біліп жүрген өзімізге жақсы.
Камал Мұсақожаева, қалалық емхананың бас дәрігері:
— Бүгінгі тексерген адамдардың арасынан 2-3 адамды окулист маманға жібердік. Сол жерде тағы да қосымша диогностикалық жұмыстарды өткізіп, шара қолданамыз. Қант диабетіне қарсы глюкозаны тексереміз. Оның ішінде де 1-2 адамнан жоғары көрсеткіш табылды. Оны эндокринолог маманға жіберіп, біз қосымша емдеу және қосымша қызмет көрсетеміз.