БИЫЛ 10 НЫСАНДА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ

595

Шымкент қаласы бойынша биыл 10 нысында кәріз жүйесінің құрылысы аяқталады. Бүгінде кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп, қала тұрғындарының пайдалануына беру күні де алыс емес, деп жазады «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған ardak.kz ақпараттық агенттігі.

Биылғы жылы қала бойынша 16 нысанда кәріз жүйесінің құрылысы жүгізілуде. Оның 2-еуі магистралды кәріз коллекторы болса, 1-еуі кәріз сорғы станциясы. Сондай-ақ, 13 елді мекенде ішкі орамдық кәріз құбырлары тартылуда. Жыл соңына дейін, 9 нысандағы жұмысты толық тәмәмдау жоспарланса, 7 нысандағы жұмыс келесі жылға өтпелі болып отыр.

Құрылысы қызу жүріп жатқан Мирас шағын ауданындағы кәріз жүйесінің ұзындығы 52 шақырымға созылған. Бүгінде оның тең жарымынан астамына құбыр тартылып, жұмыстың 60 пайызға жуығы аяқталыпты. Жобада негізінен 1800 астам тұрғын үй көрсетілген. Алайда, олардың қатар алдағы уақытта артуы әбден мүмкін. Өйткені, толықтыру жұмыстары енгізіліп жатқан көрінеді.

Қазіргі таңда кәріз құбыры қаланың 13 нүктесінде жүргізілуде. Оның 9-ындағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Олар, Ұланбек Арғынбеков көшесі бойындағы және Тұран магистралды кәріз коллекторларымен Достық кәріз сорғы станциясы. Сонымен қатар, Самал-3, Мирас, Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік – Шығыс, Хлопзавод, Жұлдыз тұрғын алабындағы ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы. Бүгінде қаланың 19 елдімекені орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған.

Келер жылға 7 нысандағы құрылыс жұмыстары қалдырылуда. Олар, Достық, Асар-2, Тассай, Тұран, Бозарық, Ақжайық, Солтүстік батыс шағын аудандары. Бүгінде қала халқының 54 пайызы кәріз жүйесімен қамтылған. 9 нысандағы жұмыстар жыл соңыа дейін аяқталса, бұл көрсеткіш 60 пайызға жетеді деп жоспарлануда.