М.ӘЗІЛХАНОВ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ТӨРАҒАЛАРЫ, БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

975
ҚХА төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қалалық этномәдени бірлестіктер төрағалары, сондай-ақ, қаланың журналистері және блогерлерімен кездесіп, пікір алмасты. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан қатысты.
Марат Әзілханов «Достық үйі» ғимаратында қалалық этномәдени бірлестіктер төрағалары, «Қоғамдық келісім» мекемесі қызметкерлерімен этносаралық қатынастар саласындағы бірлесе атқаратын жұмыстарды нақтылап, өзекті мәселелерді талқылады. Еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқталып өтті.
Қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан қоғамдық тұрақтылықты сақтауда ақпараттық-насихаттық жұмысты күшейту керектігін айтты.
Басқосуда қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Р.Пак, түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Л.Асанов, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы А.Мухамедова баяндама жасады.
Сонымен қатар, Марат Әзілханов БАҚ өкілдерімен және блогерлермен еркін форматта әңгімелесіп, ұсыныстарын тыңдады. Кездесу барысында ақпараттық кеңістікте ел бірлігін сақтау, жастарға арналған тәрбиелік маңызы жоғары ақпараттық контенттерге қолдау көрсету және т.б, мәселелер көтерілді.
Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының атқарып жатқан жұмыстары туралы клуб жетекшісі Зәуре Оралбаева баяндама жасады.
Бірқатар журналистер қоғамдық келісімді нығайту, ақпараттық саясатты дамытуда бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Сондай-ақ, 5 тамыз – Медиация күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация кабинетінің «Бірыңғай Ашық есік» күні ұйымдастырылды.