Шымкентте 300-ден астам заңсыз салынған нысанға айыппұл салынды

888

Шымкент қаласында 300-ден астам заңсыз салынған нысанға айыппұл салынды, деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрбол Жүнсібековтің қатысуымен басқарма тарапынан жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша өткен брифингте айтылды.

– Қазіргі уақытта өзекті мәселенің бірі – қаладағы Заңсыз және заң талабын бұзып салынған құрылыс нысандары. 2022 жылдың 6 айында тиісті жоспарға сәйкес қаладағы құрылыс нысандарына мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталған 300-ден астам нысанға рұқсатын алып, салу дерегі бойынша тексеріліп, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 802 бабына сәйкес айыппұл салынды. Яғни, олар орталықтағы ірі көшелер бойында орналасқан заң талаптарын өрескел бұзып, құрылыс нормаларын және заң талаптарын сақтамай салынып жатқан, «Сәулет жоспарлау тапсырмасы» құжаттамасыз, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізбей құрылыс жұмыстары жүргізіген нысандар, — деді спикер.

Баспасөз жиынында Нұрбол Әбдірахманұлы жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару мәселесіне де тоқталып өтті. – Қаланың даму жоспарына сәйкес, шаhарымызда жолдар үлкен ғимараттар салынып жатыр. Қазіргі таңда 15 нысанды мемлекет мұқтажына алу жұмыстары жүргізілуде. Биыл өзім басқарып отырған басқарманың өндірісінде ҚР Жер кодексінің 84-бабы және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен 688 жер телімі мен 55 нысан мемлекетке қайтарылды. Осы ретте, 10 қаулы қала әкімдігімен қабылданды. Бұл мұқтаждыққа алудың барлығы бектілген бас жоспарға сәйкес қаланың дамуына қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша салынатын нысандарға ғана жүргізіледі, — деді Нұрбол Жүнісбеков.