​Ақтөбе облысының ауыл мектептерінде Қазақтану курстары ашылды

1519

Домбыра сабақтары тегін өткізіледі.

ARDAK.KZ. Ақтөбе облысының Темір ауданында барлық мектепте Қазақтану курсы ашылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Ұлттық домбыра күні Темір ауданының 3 мың оқушысы бір мезгілде домбыра тартады. Бұл жоспарды орындау үшін ауданға қарасты барлық мектепте Қазақтану курсы ашылды. Бүгінде 25 мектептің оқушылары Қазанғап пен Құрманғазының күйлерін үйреніп жүр.

«Қазақтану курсын көпшілік әртүрлі түсінеді. Қазаққа өзін-өзі танытуды үйретуден ғөрі ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту, дәріптеуге басымдық берілді. Яғни, әр қазақ домбыра шерте білуі тиіс. Бұл істі жүйелі жүргізу үшін аудандағы мектептерде арнайы курс ашылды. Солайша, балалардың домбыра тартуға қызығушылығы артты. Алдағы уақытта флэшмоб ұйымдастырылады», — деді Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағамбетов.

Аудандағы Қопа орта мектебінде қазір 50 оқушы арнайы курсқа қатысып жүр. «Мектепте 240 бала бар.

Шағын орталық пен мектепалды даярлық сыныбы жұмыс істейді. Балалардың домбыра тартуға қызығушылығы артып келеді. Алдағы уақытта оқушылардың қатарын арттыру жоспарлануда»,- деді Қопа жалпы білім беру орта мектебі Руслан Қаржауов.