МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДАҒЫ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ БАҚЫЛАУДА

1682
Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев брифинг өткізді,деп хабарлайды ARDAK.kz
Брифинг барысында Ғалым Тұрсынбаев «Елбасы биылғы Жолдауында мемлекеттік қызметшілердің жұмысының сапасына жағымсыз әсер ететін мемлекеттік органдардағы артық жұмыс жасауын ерекше назарға алғанын» атап өтіп, Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнында негізсіз қалуы, демалыс және мереке күндері жұмысқа шығу фактілерін анықтауға байланысты жүргізілген сауалнама мен рейдтік шаралардың нәтижесіне тоқталып өтті.Жүргізілген сауалнама нәтижесінде облысымыздың жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметшілердің 22%-ы жұмыс күні аяқталғаннан соң жұмыста қалатындығын көрсеткен, ал, рейдтік іс-шараларда бірқатар мемлекеттік органдардың қызметкерлері жұмыс уақытысы 19.00-де аяқталса да жұмыста қалатыны анықталды.Осы орайда, қызметкерлердің жұмыста қалып үстеме жұмыс атқаруына жол берген  мемлекеттік орган басшыларының іс-әрекеттері алдағы уақытта Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қаралатын болады.
Айта кетсек, Департамент тарапынан облыс орталығында ұйымдастырылған рейдтік іс-шаралар қазіргі таңда аудан, қалада арнайы мониторингтік топ мүшелерімен жүргізілуде.
Жиын соңында Департамент басшысы қолданыстағы заң талаптарын сақтамаған, яғни қызметшілерінің үстеме жұмыс атқаруына жол берген басшылар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын айтып қорытындылады.
СЫЙЛЫҚ АЛҒАН ДА, БЕРГЕН ДЕ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ
 
Брифинг барысында Ғалым Сұлтанұлы «Елбасының әрбір Жолдауында жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде, биылғы Жолдауында да сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатыны» — назарға алынды.
Бұл ретте, әрбір мемлекеттік қызметші «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өзгерістерді өзінен бастауы тиіс, қызметші қандай да бір мереке болмасын қызмет атқару барысында сыйлық алмауы тиіс,ал, мемлекеттік қызметшіге білмей келіп түскен не жария түрде берілген сыйлықтар алған күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде ерікті түрде оны мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне тапсыруы қажет – деп атап өтті.
Заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтай отырып, лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты сыйлық алуға тыйым салынады. Егер, қызметші заң талаптарын бұзып 2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (4810 теңге) мөлшерде сыйлық алса ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, 600 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (1 443 000 теңге) айыппұл төлейді.
Кодексте 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын айтты.
Сондай-ақ, брифинг соңында Ғ.Сұлтанұлы 2017 жылы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне өткізілген сыйлықтар саны – 93, ал 2018 жылдың өткізілген сыйлықтар саны – 12 екенін баяндады.
ҚЫЗМЕТТІК АЛАҢДАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЕСКЕРТІЛДІ
Брифинг барысында Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев қызметтік алаңдарды пайдалану нормаларының сақталуына жүргізілген талдау жұмыстарына тоқталып өтті.
Жүргізілген талдау жұмыстары барысында облыс бойынша мемлекеттік органдармен 39 869,1 ш.м. алаң нормативтен тыс артық пайдаланғаны анықталғанын,  оның ішінде, орталық мемлекеттік органдарда – 6 122,3 ш.м., жергілікті атқарушы органдарда – 33 746,8 ш.м. құраған.
Нәтижесімен тиісті мекемелерге мемлекет қаржысын үнемдеу мақсатында анықталған артық алаңдарға ғимараттарды жалға алып отырған бөлімдерді орналастыру ұсынылғанын атап өтті.
Ғалым Сұлтанұлы жалпы мемлекет мүлкі мен қызметтік алаңдарды тиімді пайдалану нормаларының сақталуына Департамент тарапынан алдағы уақытта да түгендеу жұмыстары жүретінін айтып қорытты.
«ARDAK.KZ»