Қырғызстан Білім министрі студенттерден пара алды деген күдікпен ұсталды

1961

Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев студенттерден пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы. 

Шенеунік 110 мың доллар көлемінде пара алғаны үшін ұсталды.

«Аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі А.Б.-ны пара алу кезінде ұстады. Қазіргі уақытта шетелдік студенттерді отандық жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде аса ірі көлемде (110 мың АҚШ доллары) пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», — делінген ресми хабарламада.

Алдағы уақытта қылмыстық істі тергеу қорытындысы бойынша толық ақпарат берілетін болады.

«Адырна» ұлттық порталы