Түркістан облысы Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнында жаппай улану дерегі тіркелді. Уланғандар саны – 168. Қазіргі таңда дәмхана жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Экспресс К.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 6-9 қазан аралығында қоғамдық тамақтану орнында 168 адамның улану дерегі тіркелген. Науқастардың айтуынша, олар суши, пицца, картоптық фри, чикенге тапсырыс берген. Тұрғындардың нақты қай тағамнан уланғаны әзірге белгісіз.
Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, тамақтан уланғандардың 145-і дәрігер көмегіне жүгінген. Кентау қалалық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне тағамдық токсикоинфекциямен 67 науқас түскен. 34-і ересек адамдар. Оның бесеуі жүкті әйелдер. Қалған 33-і балалар.
Науқастар инфекциялық стационарға жатқызылды. Барлығы қызуының жоғарылауы, құсу, іштің өтуі және әлсіздік бойынша шағымданған. Жағдайлары орташа ауырлықта. Олар Кентау қаласындағы «Ризық-Раяна» дәмханасынан суши, пицца, чикен, фри алып жеген