Күдіктілер көлікті қала шетіндегі бос контейнердің біріне жасырған.
Ardak.kz. Шымкенттік полиция тергеуде өлген жігіттің сыбайластарын ұстады, деп жазады exk.kz
БАҚ арасында тергеу кезінде көз жұмған Нұрболат Жұмабаев пен Сергей Петров құны 15 миллион теңге «Лексус 570» көлігін ұралағаны туралы ақпарат тарады. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, көлік қожайыны 8 желтоқсан күні сағат 9 шамасында темір тұлпардың жоғалғанын біледі. Ұрылар көлікті көршілес елге тасымалдау үшін оны сыбайластарына беріп жіберген. Алайда, ойлағандары іске аспады. Шымкент қалалық ПД-нің қызметкерлері Жұмабаев пен Петровтың тағы екі сыбайласын қолға түсірді. Күдіктілер көлікті қала шетіндегі бос контейнердің біріне жасырған. Олар тәртіп сақшыларына көлікті қайда жасырғанын және бұл «кәсіпті» елдің басқа да қалаларында жалғастырмақ болғанын айтты.