ӘЛ-ФАРАБИ АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСІП, СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ

948
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халық пен әкімдіктің арасында кері байланысты жақсарту үшін Әл-Фараби ауданында ай сайын тұрғындармен кездесу тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Бүгін кезекті кездесу 3 және 4 сектор атап айтқанда, Ескі қалашық, Дулати, Қазыбек би, Байтұрсынов, Тәуке хан, Желтоқсан, Қонаев, Желтоқсан көшелері тұрғындарымен өтті. Ең алдымен аудан әкімі Рашид Мыңбаев аталған секторларда атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша баяндап өтті.
– Мұнда инфрақұрылым мәселесі толық шешімін тапқан, электр жарығы, ауыз сумен және табиғи газбен 100 пайыз қамтылған. Кәріз жүйесі 95 пайызды құрайды. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 15 балалар ойын алаңшасы салынды. Сондай-ақ, 1 спорт алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді,-деді аудан әкімі.
Ағымдағы жылы 4 көшеге асфальт төселді.
Жүздесуде тұрғындар Рашид Мамытұлына Қонаев жолайрығының құрылысы, кәріз жүйесі, көшені жарықтандыру, асфальт төсеуге қатысты сауалдарын қойып, жауап алды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі