“ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ”АЯСЫНДА 2000 АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

1078
Халықты жұмыспен қамту және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту Ұлттық жобасы шеңберінде «Жастар практикасы» бағдарламасы іске асырылып келеді.
Шымкент қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту» орталығының қолдауымен жыл басынан бері 2413 жас жұмыспен қамтылған. Оның ішінде өз мамандығы бойынша “Жастар практикасы” жобасы аясында жұмыс орындарына 2125 жасқа жолдама берілген.
Сонымен қатар дипломды қолына алып, бірден жұмысқа тұра алмаған NEET санатындағы 288 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жұмыспен қамтылды.
Жалпы “Жастар практикасына” соңғы 3 жылда жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарын бітірген, бірақ еңбек өтілі жоқ түлектер қатыса алады.
Еңбек нарығында бос жұмыс орындарын іздеген кез-келген азамат «Электронды еңбек биржасына» жүгіне алады. Жұмыс беруші мен жұмыс іздеушілерді тікелей байланыстыратын Enbek.kz порталында қазіргі таңда (06.12.22) бойынша 2041 бос жұмыс орны бар.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі