Ердоғанның айлық еңбекақысы Қазақстандағы облыс әкімдерінен аз

1801

Түркия вице-президенті Фуат Октай ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

“2022 жылға арналған бюджетте біздің президенттің таза жалақысы 66 445 түрік лирасын құрайды», — деді ол.

Бұл шамамен 1 660 460 теңге.

Айта кетейік, Ердоған Қазақстанның кейбір әкімінің айлық табысынан әлдеқайда аз жалақы алады. Мәселен, бұған дейін Қызылорда облысын басқарған Гүлшара Әбдіқалықова 2021 жылы ай сайын 1,8 миллион теңге жалақы алатынын айтқан еді.
Ал Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Жеңіс Қасымбек пен елорданың экс басшысы Алтай Көлгіновтің табысы 1 миллион 900 мың теңгені құрады.