«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС «Экологияға қосқан үлесі үшін» алтын «Парыз» сыйлығымен марапатталды!

994

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елордада «Алтын сапа» мен «Парыз» сыйлықтарын табыстады. Биылғы байқауға республика бойынша 281 кәсіпорын өтініш берген. Бірақ санаулының ғана баға жанды. Үздіктердің қатарында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС де бар! Еңбек нарығындағы үздік ұжымдарды анықтау және ынталандыруды көздейтін байқау 5 номинция бойынша ұйымдастырылған. Сол номинациялардың бірі – «Экологияға қосқан үлесі үшін» біздің мекеме алтын «Парыз» сыйлығына лайық деп танылды.
Интершум из награждения
СНХ Анарбек Орман
Шымкент қаласынан республикалық «Парыз» сыйлығын алу үшін биыл 23 мекеме өтінім берген екен. Еңбек нарығында жүйелі жұмысымен, уақыт талабына сай өндірісті жандандырып отырған үздік ұжымдарды анықтауды діттеген бұл шарадағы бірегей аталым осы – «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымы. Соңғы 5 жыл ішінде «Су ресурстары-Маркетинг» кәсіпорнының бұл бағыттағы жұмысы жүйелі және өз нәтижесін беріп отыр.
Жалпы, елімізде 2005 жылдан бері шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі үш есеге өскен. Қазір ел экономикасының 34 пайызға жуығы осы бизнестің үлесінде. Президент салтанатты жиында алдағы жеті жылда кәсіпкерлік белсенділікті шектейтін барлық кедергіні жоюға күш салынатынын, бизнесті өркендету үшін нақты шаралар қабылданатынын айтты.