Тоқаев көлік тұрағы жоқ үйлердің салынуына тыйым салды

952

Тоқаев көлік тұрағы жоқ үйлердің салынуына тыйым салды, деп хабарлады Ақорда. 

Мемлекет басшысы осыған қатысты тапсырма берді.

«Қазір жұрт балаларын сыртқа шығарудан қорқады. Өйткені ауланың бәрі автокөлікке толып тұр. Бұдан былай көлік тұрағы болмаса, бір де бір үй салынбауы керек. Жалпы, ашық алаңда орналасқан автотұрақтар ақылы болуы керек. Үкіметке нақты шешім қабылдауды тапсырамын. Сондай-ақ Министрліктер үйінің маңында автотұрақ тапшы. Жұрт көліктерін жақын жердегі үйлердің ауласына қоюға мәжбүр болады.

Бұл тұрғындарға үлкен қолайсыздық тудыратыны түсінікті. Бас прокуратура мен Жусан банкі ғимаратының ортасы және Жоғарғы Сот ғимаратының артындағы алаң бос жатыр. Әкімдікке осы екі жердің біріне көп қабатты жабық паркинг және жаяу адам өтетін көпір салу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырамын»,- деді Президент.