Түркияда рекордтық жылу 2024 жылдың шілде-тамыз айларында күтіліп отыр.
2024 жылдың шілде-тамыз айларында Түркиядағы ауа температурасы 42-43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Ыстанбұл техникалық университетінің метеорологы Орхан Шен айтты.
Профессор былтыр шілдеде Түркия әдеттен тыс ыстыққа тап болғанын атап өтті. Әсіресе, Ыстанбұлдағы ауа температурасы Цельсий бойынша 41,3 градусқа дейін көтерілгенін, әрі ол елдегі кейінгі 85 жылдағы рекордтық көрсеткіш болғанын тілге тиек етті.
Биыл да жаздың алдағы екі айында аптап ыстық күтіліп отыр. Осыған орай туристерге ауа-райының күрт жоғарылауына байланысты сақтық шараларын қатаң сақтау туралы ескерту жасалды.