Халықаралық тарихи-археологиялық экспедиция Қоғалы алқабында жүргізген қазба жұмыстары кезінде Таңбалы қорық-музейінің зерттеушілері сенсациялық жаңалық ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанда алғаш рет монетаның өте сирек кездесетін түрі табылды.
«Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласындағы мамандардың айтуынша, бұл монета 7 ғасырдың ортасынан бері қолданыста болған. Экспедиция зерттеген Қоғалы алқабының ескерткіштері 7-8 ғасырдың бірінші жартысында Жетісу жерін мекендеген Батыс түріктердің мәдениетіне жатады, – деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазір Таңбалы ғылыми-реставрациялық зертханасында бұл бірегей жәдігерге алғашқы консервациялау жұмыстары жүргізілуде.
Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасуда.
Ал Батыс Қазақстан облысының ғалымдары өсімдіктің жаңа түрін ашты.