Түркістан облысында білім саласының қызметкерлерінен 1,5 млрд теңге өндірілді

909

Білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысының прокуратурасының мәліметінше, бүгінгі күні Түркістан облысында білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысуда, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты екі іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді. Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңге мүліктеріне тыйым салынды, — делінген мәліметте.