Шымкентте коммуналдық қызмет түрінің барлық тарифтері төмендеді

1665
Шымкентте табиғи монополияларды реттеу департаментінің жоспардан тыс тексеруінен кейін, коммуналдық қызмет түсірінің барлық тарифі төмендеді, — деп хабарлайды «Хабар 24».
Мамандар ірі үш компанияны тексеріп, тариф қалыптастыру бойынша құқықбұзушылықтарды анықтаған. Газ көрсеткішінің негізсіз көтеру және жылу үшін төлем жасау деректері анықталды. Бүл үшін мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Тексеру нәтижесінде 12 монополист тарифтердің төмендетуды жоспарлап отыр. Ендігіде шымкенттіктер жылу үшін айына орташа есеппен бес мың теңге төлейтін болады. Бұрындары алты мың төлеп келген.  «Сумен жабдықтау саласында қазіргі тарифтер орташа есеппен 7,5 пайызға, су тарту — 6,8 пайызға, газбен қамту — 5,8 пайызға, эелектр қуаты үшін тариф 7 пайызға төмендеді», — деді Шымкент қалалық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дархан Қайынбердиев.