Еліміздің атын әлемге танытатын саланың бірі спорт саласы екені анық. Үшінші мегаполисте бұқаралық спортты дамытып, салуатты өмір салтын насихаттап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы басымдықтарды жүзеге асыру мақсатында ауқымды жобалардың жүзеге асып жатқанын баршамыз жақсы білеміз. Шыкент қаласының басым бөлігін жастар құрайды. Осы жастар спорт саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осындай жеңістің бірі жуырда қаламыздағы Академик Әдбімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінңғ студент жастары Өскемен қаласында өткен Elite санатындағы спортшылар арасында Супер-спринт қашықтығында триатлоннан Қазақстан Республикасының ашық чемпионатта чемпион атанып, жеңіспен оралды. U23 санатында спортшылар арасында бөлек стартты супер-спринт қашықтықта өткен жарыста аталған университеттің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері, атап айтқанда Абусейт Әлихан І-орын және Аманжолов Е. ІІІ-орын иегері атанып, жеңіс тұғырынан көрініп, қламыздың мерейін өсіріп қайтты. Байрақты бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінген сайыпқыран спортшы жастарымызға спорттық мансаптарында тек қана биіктен көрініп, алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын дейміз!