Шымкенттің бас дәрігері емханаларды аралап шықты

952

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан қаладағы орталық емханаға арнайы барып, емхана жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаланың бас дәрігері емханадағы мобильді бригадалар және вакцинациялау жұмыс барысын аралап көрді.

Айта кетейік, ковидке қарсы вакцина екі компоненттен тұрады. Себебі аурудан тиісті деңгейде толық қорғану үшін екі доза жасату қажет. Клиникалық сынақтарда бір реттік дозаның тиімділігі қандай екені анықталмаған. Сондықтан қаланың бас дәрігері екпе салдыртуға келген тұрғындарға екінші компонентті вакцинаны дер кезінде алуға шақырды.