Гүлнәр Кәрімова абақтыдан шықты

182

Өзбекстанның марқұм болған бірінші президенті Ислам Кәрімовтің қызы Гүлнәр Кәрімова басқа колонияға ауыстырылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Кәрімованы №21-ші әйелдер колониясынан Ташкент облысы Зангиатин ауданында орналасқан №41 қоныс колониясы ауыстырды.

 

«Гүлнәр 5-6 чемоданымен бақытты күйде кетті. Түрмеде жақын араласқан құрбыларымен құшақтасып, қоштасты. Кәрімованы колонияның бастығы Гүлрух Кәрімовамен ГУИН-нен келгендер оны шығарып салды», – деді сотталған әйелдердің бірі.

Оның айтуынша, Кәрімова 19 желтоқсан Ташкент облысы Зангиатин ауданы сотының шешімімен Өзбекстан кодексінің 74-бабы бойынша (жазаны жұмсарту) негізінде ауысқан.

ІІМ баспасөз қызметі де, жазаны орындау департаменті де, Өзбекстан омбудсменінің кеңсесі де бұл істі әлі растаған жоқ. Сонымен қатар Каримованы ауыстыру жайлы ақпаратты да жоққа шығармады.

«Гүлнәр жазасын өтеу тәртібін жүйелі түрде бұзғандардың бірі. Ол ережені бірнеше рет бұзып, көптеген сөгіс пен ескерту алды», – деді түрме қызметкерлерінің бірі.

Кей дереккөздердің сөзінше, Гүлнәр Кәрімованы ауыстыру туралы шешім колония әкімшілігінің өтініші бойынша қабылданды. Онда Өзбекстанның экс-президентінің қызы бұл колонияда жазасының үштен бір бөлігін өтегені туралы айтылды.