Галбадрах Отгонцэцэг Хорватияда өткен әлемдік Гран-приде алтын медаль еншіледі

866
Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Хорватияда өткен әлемдік Гран-придің алтын медаль иегері атанды.
Бұл туралы ҰОК хабарлады.
Жарыс Хорватияның Загреб қаласында өтті. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда қазақстандық спортшы  француз дзюдошысы Мелани Клементке қарсы тұрды.
Галбадрах қарсыласына мүмкіндік қалдырмады. Ол «иппонмен» жеңіске жетті.
Осылайша, Отгонцэцэг әлемдік Гран-при кезеңінің иегері атанды.
Галбадрах Отгонцэцэг — соңғы жылдары Қазақстанда қызмет еткен моңғол спортшысы. Азия чемпионы және 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.