Қазығұртта тағы бір зауыт ашылды

1878
    
Жуырда «Қазығұрт» индустриалдық аймағында «Көрік ШҚ» ЖШС-інің «Алкоголсіз табиғи шырын сусындар шығару» өндірісі ашылды, деп хабарлайды ARDAK.KZ ақпараттық порталы.
Оған аудан әкімі Төлеген Телғараев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров қатысып, серіктестік директоры Бағлан Ақбердиевтің жұмыстарына сәттілік тіледі. Және де олар тыл ардагері Мейірбек Әлібаев пен еңбек ардагері Ерғали Бекеевпен бірге лентаны қию құрметіне ие болды.

«Көрік ШҚ» ЖШС-і Шарапхана ауылы округіндегі Майлыошақ елдімекеніндегі индустриалдық аймақтан 2,0 гектар жер телімін алып, 2018-жылдың наурыз айында құрылыс жұмыстарын жүргізуді бастаған. Қазан айында толығымен аяқтаған. Жоба құны 589 миллион теңгені құраған. Қуаттылығы – тәулігіне 8 тонна шырын шығаруға толық қауқарлы.
   Қазіргі уақытта өндіріс орнында 21 маман тұрақты жұмыспен қамтылған. 
       Біз біріншіден, еуропалық құрал-жабдықтарды пайдаланып отырмыз.
Екіншіден, бұл құрал-жабдықтар тікелей сығылған шырын шығаруға арналған. Алдымен жеміс-жидек шикізаты көтергішке салынады. Содан соң шикізат түкті жуғышқа келеді. Ол жерде жеміс-жидек автоматты түрде өзі жуылып тазаланады. Олар ұнтақтағышта майдаланып, барынша ұнтақталады. Соңында сорғыш арқылы сыққышқа келген шикізат сығылған соң, одан шырын пайда болады, – деді өндіріс басшысы Бағлан Ержанұлы.
                                                                           Құралбек ЕРГӨБЕКОВ, Қазығұрт ауданы.