Шымкентке жақын жалғыз тау базасындағы бағалар қала тұрғындарының ашуын туғызды

2307
Жылдағыдай биыл да мереке күндері қар мол жаумады. Сондықтан қала тұрғындары көңіл көтеруге бір ауық қала сыртына шығуға тырысады. Бұл тұста шымкенттіктердің сырғанауға жиі баратын орындарының бірі – «Тау Самалы» тау базасы. Дегенмен, сонда демалғандардың көбісі базадағы бағаның арзан емес екенін айтып отыр.Базаның ресми парақшасында жарияланған қызметтердің бағасына тек лайктар ғана қойылмай, қарсы пікірлер де жазылуда,деп хабарлайды Ardak.kz ақпараттық порталы Elitar.kz сілтеме жасап.

Сонымен, тау базасында демалудың бағалары қандай:
Жаяу туристер үшін – 1000 тң (әр адамға);
Жеңіл көліктер үшін – 1500 тң (көлікте отырған жолаушылармен бірге);
Шағын автобустар үшін – 5000 тң (жолаушылармен бірге);
Автобустар үшін – 10000 тң (жолаушылармен бірге).
Аспалы арқанмен жоғары көтерілу:
Ересектерге/балаларға – 1500/1000 тң.
Бугельді жалға алу (күні бойы):
Ересектерге – 4000 тң / балаларға – 2500 тң.
mix абонементі (кресло+бугель):
Ересектерге – 5000 тң / балаларға – 3000 тң.
Жабдықтарды жадға алу:
Шаналар жұбы – 3000 тң (таяқтары мен аяқ киімімен бірге);
Сноуборд — 3000 тң (аяқ киімімен бірге);
Аяқ киім бөлек — 1500 тң;
Шаңғы таяқтары бөлек — 1000 тң;
Каска — 1500 тң;
Көзілдірік — 1500 тң;
Арнайы киім — 3000 тң
Шана: орташасы/үлкені — 2000/3000 тң
Қарда жүру техникасымен (Снегоход) сырғанау: шағын айналым/орташа айналым/үлкен айналым — 1000/2000/3000 тң.
Ал бағаны көріп, базада демалған тұрғындар «Ауа мен қардың сатылмағаны қандай жақсы» деп әзілдеуде.
@kz_sazhida: «Шындығында Сіздердегі баға қызметтің сапасына сай келмейді! Клиенттер көп болсын десеңіздер, бағаны төмендету керек…»
@zhanarasultankulova: «Тау самалында» масқара болып жатыр, адам өте көп, машина қоятын орын жоқ, адамдар сырғанап, бірін-бірі соғуда, жылынып алайын десек, шәйді қайнатып үлгермейді, базардағы сияқты, машиналар кіріп жатыр, ал шыққанда қиналады, кептелістер пайда болды».
@himic3: «Құрметті база, халықтың ашуы туындағанын көріп отырсыздар ғой? Көлік тұрағы үшін 1500 теңге – мүмкін емес! Алматыдағы Шымбұлақта — 500, Ақбұлақта — 400. Бізде не үшін 1500, машинаны жуасыздар ма? 500 теңге – қалыпты нарықтық баға».
Автор:Алиса Бойко