Қаламызда өткен Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында аталған маңызды құжат мақұлданды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова тұжырымдамада қала тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған тиімді шаралар кешені қамтылғанын атап өтті. Ондағы маңызды мәселе – Шымкенттің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Саламатты қалалар» Еуропалық желісіне қосылуы. Бұл — 30 жылдан астам уақыт бойы 30-дан астам елдегі 100-ден аса қаланы қолдаған бірегей платформа.
Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков өз кезегінде маңызды іс-шараның Шымкентте ұйымдастырылғанына алғысын білдіріп, әкімдік тарапынан денсаулық сақтау саласына басымдық беріліп отырғанын атап өтті. Жыл сайын қаржыландыру көлемі ұлғайып, материалдық – техникалық базаны нығайту және инфрақұрылымдық жағдайын жақсартуда нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Халықтың денсаулығын нығайтуда бұқаралық спортты дамытудың да маңызы зор. Соңғы жылдары қаламызда тұрғындардың серуендеуіне арналған алаңдар, дене шынықтыру нысандары көптеп пайдалануға берілуде.
Концепцияны іске асыру нәтижесінде денсаулық сақтау саласында материалдық техникалық базаны нығайту деңгейі 98 пайызға жетіп, 10 медициналық ұйымдар күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ 17 денсаулық сақтау нысаны салынып, жаңа 200 төсек орындық перинаталдық орталық ашылады.
Шымкент қаласы әкімдігі министрлікпен бірлесе іс – шараларды уақытылы және сапалы жүргізіп, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуде жүйелі жұмыстар атқаратын болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі