«АЙТЫЛДЫ – ОРЫНДАЛДЫ»: ТҰРҒЫННЫҢ ӨТІНІШІ НЕГІЗІНДЕ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

6

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы, Рашидов көшесі №27 үйдің ауласындағы балалар ойын алаңшасы толықтай жаңартылып, заманауи әрі қауіпсіз күйге келтірілді. Бұл жобаның жүзеге асуы – «AMANAT» партиясының халықпен тығыз байланысы мен олардың қажеттіліктеріне жедел жауап беруін көрсететін нақты үлгі. Аталған жұмыстар — тұрғын өтінішіне жауап ретінде жүзеге асқан нақты нәтижелі іс.

Аталған үйдің тұрғыны, көпбалалы ана Сауле Утебаева «AMANAT» партиясының Әл-Фараби аудандық филиалы жанындағы Қоғамдық қабылдауға жүгініп, ойын алаңшасының ескіріп, балаларға қауіпті жағдайға жеткенін жеткізген болатын. Тұрғындардың өтініштері партияның назарында, әрі олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобалар тез арада жүзеге асырылады.

Тұрғынның өтінішін партия өкілдері дер кезінде назарға алып, Әл-Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ердаулет Жүнісбек бұл мәселені тиісті органдарға жолдап, нәтижесінде аудан әкімдігі тарапынан қолдау тауып, қысқа уақыт ішінде ойын алаңы қайта жаңартылды. Бұл шешім – билік пен қоғамның бірлескен жұмысының жемісі, сондай-ақ, тұрғындардың қажеттіліктеріне дер кезінде әрекет ету арқылы істелген нақты қадам.

Алаңшаның жаңартылғанына қуанышын білдірген тұрғын Сауле Утебаева:
«Балаларымыз ойнайтын аула алаңы ескі әрі қауіпті еді. Қоғамдық қабылдауға жүгінген соң, мәселе тез арада шешімін тапты. Партия мен аудан әкімдігіне алғысым шексіз. Ең маңыздысы – балаларымыз енді қауіпсіз жерде ойнап жүр», – деді.
Утебаева атап өткендей, бұл шара тек алаңшаны жаңартып қана қоймай, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ата-аналардың алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасады.

Бұл жоба «Айтылды – орындалды» қағидаты аясында атқарылып, «AMANAT» партиясының халық үніне құлақ асып, нақты әрекет ететінін тағы бір мәрте көрсетті. Сонымен қатар, бұл — тұрғындармен нәтижелі кері байланыстың айқын көрінісі. Партияның тұрғындармен ашық диалогы мен олардың мәселелерін шешуге бағытталған іс-әрекеттері қоғамның сенімін арттыруда маңызды рөл атқарады.