ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

42

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында Шымкент қаласында әлеуметтік сала қызметкерлерінің жұмысын бағалау және олардың мәселелеріне көңіл бөлу мақсатында маңызды кездесу өтті. Бұл шарада «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы — Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «**TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты — қызметкерлердің жұмыс жағдайын, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және еңбек қауіпсіздігі мәселелерін шешу.
Кездесуге «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов пен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқымбек Құрманбек қатысып, мекеменің басшысы Ерсұлтан Амзеев пен кәсіподақ төрайымы Гүлия Белгібаева бірге жұмыскерлердің қал-жағдайларымен танысты. Бұл кездесудің мақсаты — қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігі мәселелерін шешу болып табылады.
Кездесу барысында қатысушыларға еңбек қатынастары, техника қауіпсіздігі, және еңбек шарттарының орындалуы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мамандар жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтіп, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері туралы толыққанды ақпарат берді. Семинар қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Бұл шараның нәтижесінде қызметкерлер еңбек қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығын терең түсініп, өз құқықтарын білетін болды.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ХХҮІІ-съезінің және «Қызмет» салалық кәсіподағының ХІІ-съезінің шешімдерімен таныстырылып, кәсіподақтар қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Бұл кезеңде кәсіподақтар жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, олардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек нарығындағы теңдікті қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде жұмыс істейтін болады.
Жиын қорытындысында жұмыскерлерді алда келе жатқан «30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен» және Қазақстан Конституциясына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, бірқатар жұмыскерлерге кәсіподақ наградаларын табыстады. Бұл марапаттар қызметкерлердің адал еңбегін бағалау және олардың еңбек жолындағы жетістіктерін атап өту үшін берілді.
Атап айтқанда:

  • «Еңбек озаты» төсбелгісімен күзетші Әбдіманап Жора Әбділлахапұлы және санитар тазалаушы Усманова Жамиля Джумадиллаевна марапатталды;

  • «Құрмет грамотасымен» күзетші Дәрібай Мұрат Жұмаділлаұлы марапатталды;

  • «Алғыс хатпен» күзетші Абдуманапов Нургелды Абдулахапович және күзетші Бадамбаев Бауржан Жумабекович марапатталды.
    Марапаттарыңыз құтты болсын! Бұл марапаттар қызметкерлердің кәсіподаққа деген адалдығын, еңбекке деген жауапкершілігін және кәсіби деңгейін көтеруге қосқан үлестерін бағалаудың белгісі болып табылады.