АЙТЫЛДЫ – ОРЫНДАЛДЫ: ТҰРҒЫН ӨТІНІШІ НЕГІЗІНДЕ ОРЫНДЫҚТАР ЖАҢАРТЫЛДЫ

10

Қоғамдық қабылдау партия мен азаматтар арасында тығыз байланыс орнатып, тұрғындардың мұң-мұқтаждарын тыңдауға және оларды шешуге бағытталған маңызды алаң болып табылады.
Әл-Фараби ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Алмагул Жакупова «AMANAT» партиясы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгініп, Төле би көшесі №31 үй ауласындағы орындықтардың әбден тозып, тұрғындарға қолайсыздық туғыза бастағанын жеткізген еді. Қоғамдық қабылдауда бұл мәселе көтеріліп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бірнеше ұсыныстар айтылды.
Азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруды басты мақсат еткен партия өкілдері бұл мәселені назардан тыс қалдырған жоқ. Қоғамдық қабылдауға келіп түскен өтініш негізінде Әл-Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ердаулет Жүнісбек аудан әкімдігіне ресми хат жолдады. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне түскен әрбір өтінішке дер кезінде жауап беру партияның жұмысындағы басты басымдықтардың бірі болып табылады. Өтініштің өзектілігін ескере отырып, жергілікті билік пен партия өкілдері дереу шаралар қабылдап, орындықтардың жағдайын қайта қарау жұмыстарын бастады.
Нәтижесінде, Әл-Фараби ауданындағы тозығы жеткен орындықтар толықтай жаңартылып, тұрғындар игілігіне берілді. Бұл жаңартулар тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетіп, қоғамдық орындарда жайлы жағдай жасады.
Қоғамдық қабылдау кезінде тұрғындардың өтінішіне жедел әрекет еткен жергілікті билік пен партия өкілдеріне алғысын білдірген Алмагул Жакупова:
«Балаларымыз енді таза, жайлы орындықтарда ойнап, тынығып жүр. Уақытылы көмек көрсеткендеріңізге үлкен рахмет! Бұл біз үшін үлкен қолдау», – деді.
«Айтылды – орындалды» қағидаты аясында атқарылған бұл іс тағы бір мәрте партия мен билік өкілдерінің халық үніне құлақ асып, жедел әрі нақты әрекет ететінін көрсетті. Сонымен қатар, бұл жағдай партияның халықпен тығыз байланыс орнату мен олардың мәселелеріне дер кезінде жауап қайтарудың маңыздылығын айқындады. Қоғамдық қабылдауда әрбір өтініштің жеке назарға алынуы тұрғындармен байланысты нығайтып, олардың сенімін арттырады.