ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ ТОЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

197

Шымкентте қала ішіндегі қозғалысты жеңілдету, инфрақұрылымды жаңарту және тұрғындарға барынша қолайлы орта қалыптастыру — басым бағыттардың бірі. Осы мақсатта қолға алынған Қонаев даңғылының 2-кезеңі бүгінде толығымен қолданысқа берілді.

Бұл кезеңнің құрылысы Әйтеке би көшесінен Терешкова көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Шаһардағы стратегиялық маңызы жоғары бағыттың жалғасы қаладағы көлік жүйесін дамытуда елеулі орын алады.

Даңғыл 4 жолақты болып салынды. Жоба шеңберінде қозғалыс қауіпсіздігі мен жолаушылар ыңғайлылығы басты назарға алынды.

Құрылыс толық аяқталып, аумақты абаттандыру кезеңі де аяқталды. Қазіргі таңда:
• жол бойы көгалдандырылды;
• қажет жол таңбалары сызылды;
• көше жарықшамдары орнатылып, толық іске қосылды;
• қаланың реңін айшықтайтын жарықтандырылған Шымкенттің символы — қызғалдақ туннель астына орнатылды.

Мамандардың айтуынша, даңғылдың бұл бөлігі қаладағы негізгі бағыттардың біріндегі қозғалысты едәуір жеңілдетіп, орталық маңындағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.