ӨҢІРІМІЗДЕ АУҚЫМДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СҮЙЕМЕЛДЕУГЕ АЛЫНУДА

1963
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқоролыққа қарсы Агенттігі мен оның аумақтық
департаменттері тарапынан ел экономикасына инвестициялардың
келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық
деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and
Investments» жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Ardak.kz.
Жобаның мақсаты — бизнесті қорғау, қолайлы инвестициалық
жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері
бойынша қысымдарды төмендету.
А.ж. 9 қаңтар күні аталған жоба аясында, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы сүйемелдеу туралы Меморандумға Агенттіктің Түркістан облысы
бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев және
«International company of Cotton» серіктестіктің директоры Абдулла
Мухитдин Нуржанулы салтанатты түрде қол қойды.
Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев өз сөзінде облыстың
Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан
аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық
деректерінен 100% қорғауға кепілдік берілетіндігін жеткізді.
Бұл серіктестік елімізге жалпы құны 5,5 млрд. теңгені құрайтын
инвестиция құюда. Компания мақта өңдеумен айналысады.
Осылайша, Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін жалпы
сомасы 247 млрд. теңгеден асатын 6 инвестормен жемқорлықсыз
сүйемелдеу бойынша келісім жасалды