Қырғызстандағы ауыс-түйіс әлі жалғасып жатыр. Бұл жолы Қырғызстан ҰҚМК-ның экс-жетекшісі Қамшыбек Ташиевтің сыныптасы жұмысынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz Kaktus.media-ға сілтеме жасап.
Айбек Мамыралиев Қырғызстанның Экономика және коммерция министрлігіне қарасты монополияға қарсы реттеу қызметінің жаңа төрағасы болып тағайындалды.
Айбек Мамыралиев бұл қызметке Женалы Орозбаевтың орнына келген. Ал Орозбаев жуырда ғана қызметінен кеткен Қамшыбек Ташиевтің сыныптасы.
Кеше, 17 ақпанда Экономика және коммерция министрінің орынбасары Беназир НурлановаМамыралиевті ұжыммен таныстырды.
Еске сала кетейік, 10 ақпанда Қырғыз президентінің саяси серіктесі Ташиев бүкіл қызметінен босатылды. 2 күннен соң парламент спикері де отставкаға кетті. Қырғыз басшысы Жапаровтың айтуынша, Қамшыбек Ташиевтің атын жамылған адамдар қоғамға іріткі салғысы келген. Қырғыз президенті дер кезінде шешім шығарып, Ташиев пен бірнеше мемлекеттік қызметкерді жұмыстан шығарды.














