Тағдыр сыйы. 27 жастағы 7 баланың анасы үйлі болды (фото)

1813
2018 жылдың 23 қаңтарында «Жастар жылы» форумының ашылу салтанатында сөз сөйлеген 27 жастағы 7 баланың анасы Жазира Тұрғынова бүгін үйлі болды. Тұрғынованың отбасына үйдің кілтін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өз қолымен табыстады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Түркістан облысы ішкі саясат бөлімінің басшысы Бейсен Тәжібаевқа сілтеме жасап.
Тәжібаев сүйінші жаңалықпен Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

Жазира Тұрғынова

«Күні кеше ғана елордада Елбасының алдында ақтарыла сөйлеп, ел разылығына бөленген Батыр ананың өмірі жақсылыққа күрт өзгерді деген осы шығар. Ал Астанадан — Шымкентке поезбен шыққан Жазира, сол сәттен бастап атының шартарапты шарлап кетерін де білген жоқ.
Бейсенбінің түсінде теміржол вокзалында анталай күткен тілшілерден тіксініп, тосырқап жүргені де содан.
Ал бүгін, қасиетті жұмада киелі Түркістанда облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың қолынан баспананың кілтін алған Батыр ана өң мен түстің ортасында ғажайып күй кешіп тұр. Үй Ленгер қаласынан ұсынылды. Ал отағасы Олжас Әбілдабеков арнайы оқыту курстан өткізіліп, жұмысқа орналасады», — деп жазды Бейсен Тәжібаев парақшасына.

Жазира Тұрғанова

Жазира Тұрғынова

Жазира Тұрғынова