Басты Қазақстан Астанада салынатын Дүниежүзілік сауда орталығының эскизі жарияланды
Жобаны толықтай шетелдік инвестициялар есебінен жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты елордада салынатын Дүниежүзілік сауда орталығының алдын ала нобайын жариялады.
Осыған дейін Елбасы Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығының басқарма мүшесі (WTCA) Рольф Драак және «Nest Investments HOLDINGS» компаниясының корпоративтік инвестициялар жөніндегі директоры Мехран Эфтехармен кездескен болатын. Кездесуге, сонымен қатар, Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов және сәулетші-дизайнер Кеннэт Брюс Джеймс Андерсон қатысты.
Мемлекет басшысына елордада шетелдік инвестициялардың есебінен бой көтеретін Дүниежүзілік сауда орталығының ғимараты құрылысы жобасы ұсынылды.
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа нысан жобасын мақұлдап, Астана қаласының әкімі Б. Сұлтановқа инвестормен бірлесіп, жобаны әске асыру шараларын бастауды тапсырды.