Шымкент қаласының прокуратурасы 2018 жылды қорытындылады

1652
Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Шымкент қаласы прокуратурасының 2018 жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша алқа мәжілісі өтті.
Қадағалау органының қызмет бағыты Мемлекет басшысының және Бас Прокурордың тапсырмаларынан туындайтын өңірге өзекті проблемалық мәселелерді болдырмауға, қылмыстық-құқық саланы ізгілендіруге, құқық қорғау жүйесін цифрландыруға бағытталғаны аталды.
Өткен жылы қылмысқа қарсы қабылданған шаралар және алдын алу жұмыстарының нәтижесінде қылмыстылықтың 19% төмендеу динамикасы байқалды (18,5 мыңнан 15 мыңға).
Қылмыстық қудалау орбитасына заңсыз тартылған 19 жасырын дерек анықталып, кінәлі тұлғалар жазаланған.
14 созбалаңдыққа салынып аяқсыз қалған істер бойынша, соңғы процессуалдық шешім қабылданды.
В сфере исполнения назначенных судом наказаний трудоустроено 612 осужденных или 81%.
Сотталғандарды жұмыспен қамту 81,5% құрап, 612 жазасын өтеушілер ақылы жұмысқа орналасқан.
Қоғамдық мүдделерді қорғау бағытында прокурорлармен мемлекетке 1 млрд. теңге өндіріліп, мемлекет қорына 1 млрд. теңгеге жуық 118,9 га жер учаскелері қайтарылған.
Прокурорлық әрекет ету шаралары негізінде 2 мың жұмыскерлердің құқықтары қорғалып, 98 млн. теңгеге еңбекақы берешегі өтелді.
«Ақ-Сұңқар» ШҚ-ның мемлекеттік бағдарламамен 201 млн. теңге көлемінде заңсыз субсидия алу дерегі анықталып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Жүргізілген «Борышкер» акциясы нәтижесінде, мемлекетке 26 млн. теңгеден аса қаржы өтеліп, борышкерлердің 82 автокөліктері айыптұраққа қамалған.
Құқық қорғау қызметтері орталығында 6 мың тұрғынға құқықтық қызмет көрсетіліп, оның 3 мыңы прокурорлармен қабылданған.
Прокуратураға түскен 2477 өтініштерді қарау нәтижесімен, 350 азаматтың құқықтары қорғалды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша қадағалау қызметін күшейту және алдағы жылға арналған басымдықтарды айқындау жөнінде тапсырмалар берілді.
Шымкент қаласының прокуратурасы