Моңғолияның әншісі Энх-Эрдэнэ Димаш Құдайберген мен Данелия Тулешова қатысып жатқан The World’s best америкалық шоуында әділ-қазылар мен сарапшыларды таңғалдырды. Бұл туралы ARD сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Энх-Эрдэнэ америкалық шоуда атақты Amarillo by Morning композициясын орындаған.
Тыңдармандар ағылшын тілін жетік білмейтін әншінің америкалық әнді жан-тәнімен айтқанына таңғалған.
Оның өнерін бағалаған әділ-қазылар мен сарапшылар ән соңында моңғолиялық азаматқа қошемет көрсеткен.
Әншіге әлеуметтік желілерде көрермендер көптеген жылы пікір қалдырыпты.
«Ағылшын тілін білмейтін мына жігіт осы әнді музыканттардың жартысынан керемет орындады», «Моңғолиялық азамат ағылшын тілінде өте жақсы ән айтады. Оның түрі PSY-ға ұқсайды», «Димаш Құдайбергеннің қарсыласы пайда болды» деп жазған.