Түркістанда жол ақыcы 50 теңгеден көтерілмейді

1066
Қаладағы 21 бағытта жүретін 270 қоғамдық көлік кестеге сәйкес жұмыстарын жалғастырып келеді. Жуырда 67 ескі «ГАЗел» жаңа көліктермен ауыстырылады. Қытайдан «Ytong» маркалы 5 автобус сатып алынып, қала тұрғындарына қызмет етпек. 
Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жолаушы» ЖШС компаниясының ресми өкілі Төрегелді Тәңірбергенов қоғамдық көлік қозғалысы бағытындағы жұмыстары жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның айтуынша, соңғы кездері әлеуметтік желілерде және БАҚ беттерінде Түркістан қаласындағы қоғамдық көліктер мен жолаушылар тасымалының тарифі жөнінде жалған ақпараттар жария болған. «Жалпы, «Жолаушы» ЖШС – Түркістан қаласындағы жолаушылар тасымалы бойынша жұмыс істеп келе жатқан бірден-бір компания. 2017-2018 жылдары автобустарымыз жол-көлік оқиғасына ұшырамаған. Қала тұрғындарын тасымалдауға шығатын жүргізушілер күнделікті дәрігерлік қадағалаудан, ал, қоғамдық көліктер ай сайын техникалық тексерістен өтіп тұрады.
Қаладағы 21 бағытта жүретін 270 қоғамдық көлік кестеге сәйкес жұмыстарын жалғастырып келеді. Жуырда 67 ескі «ГАЗел» жаңа көліктермен ауыстырылады. Қытайдан «Ytong» маркалы 5 автобус сатып алынып, қала тұрғындарына қызмет етпек. Сонымен қатар, «WhatsApp» әлеуметтік желісіне «Түркістанда автобус құны 50 теңгеден 90 теңгеге көтеріледі» деген ақпарат толығымен жалған. Автобустар бұрынғы тариф бойынша жұмыс істей береді.
Осы орайда, негізсіз, дәлел-дәйексіз видеоға сеніп, ешбір ресми мәлімдемесіз мақала жазып жүрген журналистерге, елді дүрліктірген блогерлерге айтарымыз, ақпаратты алдымен көз жеткізіп жазған абзал. Өтірік мәлімет – біздің жұмысысызға кедергі келтіреді. Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласында ауқымды құрылыс жұмыстары басталды.
Аялдамалар мен жолдардың да сапасы жақсарады деп сенеміз. Біз де осы өзгерістерге сай, жаңарған Түркістанға лайықты қызмет сапасын көтеруге және автобустарды көбейтуге күш саламыз», – деді Т. Тәңірбергенов. Оның айтуынша, әзірше ұзын автобустар өз-өзін ақтамай тұр. Себебі, көшелер тарлау және бұрылу қиын. Дегенмен, қоғамдық көлік қозғалысын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғаса бермек. Жаңа автобустар саны да көбейтіледі.