«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде экскурсоводтар жиыны өтті.
Әлемдік тәжірибені үйлестіре отырып, іс-тәжірибемен бөлісуге арналған жиынды қорық-музейдің экскурсоводы Салтанат Ералиева жүргізді.
Айта кетсек, 21-22 ақпан күндері Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында ІІІ Халықаралық гидтер форумы өткен болатын. Жиында Италия, Испания, Америка, Франция, Индия сияқты туризм саласы жоғарғы деңгейде дамыған мемлекеттердің мамандары бас қосып, тәжірибе алмасқаны белгілі.
-«Мұндай іс-шаралар, туристік әлеуеті жоғары, мүмкіндігі мол еліміз үшін аса маңызды. Бізде де шетелдегідей Гидтер бірлестігін құрсақ тиімді болатын сияқты. Мәселен, Испания мемлекетинде CEFAPIT деп аталатын гидтер бірлестігі жұмыс жасайды. Испания мемлекеті 17 облыстан турады. Бұл бірлестік барлық облыста қызмет көрсетеді, яғни туристерге қолайлы жағдай жасалған. Осы сияқты бірлестіктер бізде де ашылатын болса, Қазақстанда туризм саласын жақсартуға үлкен үлес болары анық»,-деді Салтанат Ералиева.
Жиын барысында форумнан тәжірибесін шыңдап келген маман алған дәрісін музейдің басқа қызметкерлері және гидтермен бөлісіп, көптеген қызықты да пайдалы мағлұматтарды жеткізді.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі