Шымкент әкімдігі көп балалы аналарды қабылдады

1009
10 ақпан күні Шымкент әкімдігінің қызметкерлері шағым айтып келген көп балалы аналарды қабылдады. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.
Қабылдау таңғы сағат 10.00-да басталып, кешкісін біткен. Шағым айтып келген аналарды қалалық басқармалардың басшылары жеке-жеке қабылдаған.
Аналар жәрдемақы, баспана, жұмыссыздық, күнкөріс қиындығы сынды әлеуметтік мәселелерді көтерген.
«Осы жиналысқа келуге жолақысын таба алмай қанша көп балалы ана зарлап, жылап отыр. Солардың бәріне санақ жүргізілуі керек. Жыламаған балаға нан жоқ. Кімнің жағдайы қандай екенін балалардың сынып жетекшілері өзі-ақ айтып береді. Ұсынысым, аналар капиталы ашылуы керек» деді жиынға келген үш баланың анасы Елмира Әшірбекова.
Қабылдау болып жатқанда әкімдік ғимаратын полицейлер күзетіп тұрған.