Қазақстаннан сыртқа қанша қаржы кетті?

1363
Халықаралық қарды аударылымы жүйесі арқылы 2018 жылдың өзінде Қазақстаннан Ресейге 233,2 миллиард теңге аударылды деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі LS порталына сүйене отырып.
Қаржының есепсіз сыртқа кетіп жатқаны рас. Қазір Қазақстан басқа елдер үшін майшелпек және банан елге айналып отырғаны өтірік емес. Елімізде бала-шағасын асырап, нәпақасын тауып жүрген гастарбайтерлер де, ел шикізатынан орасан зор тауып жатқан инвесторлар да өте көп. Ендеше соңғы дерекке назар аударыңыз, Қазақстаннан аударылған ақша өзге елдің салық қазынасын толтырып жатыр. Сонымен…
Халықаралық қаржы аударылымы жүйесі арқылы 2018 жылдың өзінде Ресейге Қазақстаннан 233,2 миллиард теңге аударылған болып шықты. Одан кейінгі орында –Өзбекстан. Негізінен олардың басым бөлігі өзбек гастарбайтерлері болуы да мүмкін. Өткен жылы өзбектер  өз еліне 111  миллиард теңге аударған көрінеді. Бұл орайда түріктер де қалыс қалып отырған жоқ. 2018 жылы Халықаралық қаржы аударылымы жүйесі арқылы Қазақстаннан Түркияға 70,2 миллиард теңге қаржы жіберілген.
Атап өтетін бір жайт, ең аз ақша  Армения мен Беларуське жіберілген.
Армяндардың Қазақстаннан алған «үлесі» – 6,43 миллиард теңге  болса, беларусьтардың еншісінде 1,42 миллиард теңге болып отыр. Ұлттық банктің есебіне жүгінер болсақ, аталған қаржының басым бөлігі негізінен мамыр, маусым және қазан айларында аударылған.
Ал өткен жылы сыртқы елдерден Қазақстанға 361,7 млрд тенге аударылған. Оның басым бөлігі Ресей, Оңтүстік Корея, Қырғызстаннан келген. Ал ең азы Беларусь елі мен Қытайдан аударылған көрінеді.