Америкадан көлік жеткіземін деп адамдарды алдаған қашқын ұсталды

1106
Аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан азаматы Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесе отырып, Грузия елінен Саят Ислямов есімді қазақстандық азаматты экстрадициялады.
Саят Ислямов  Астана, Алматы, Қарағанды өңірлерінде аса ірі көлемде алаяқтық жасаған.
Тергеу нәтижесінде 8 адамның 250 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшасын алып кеткені анықталды. Бұл ақшаға ол Америкадан көлік жеткіземін деп сендірген. Уәдеге сеніп қалған тұрғындар  полицияға арызданған. Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған болатын.
Қазір ол уақытша оқшаулау орнына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.