Басты Қазақстан «Сыра королі» Тоқтар Төлешовке айып таққан прокурордың өзі сотталды
Бақылаушы органның алаяқтық жасаған қызметкері 14 миллион 700 мың теңге айыппұл арқалады.
«Сыра королі» Тоқтар Төлешовтің ісін қарап, оған айып таққан прокурордың өзі істі болды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
2 миллион теңгеден астам пара алу кезінде қолға түскен Балғабай Сеңгірбаев, «өзінің қызметін пайдалана отырып, алаяқтық жасау» бабымен кінәлі деп танылды. Алайда, жаза ретінде түрмеге тоғытылған жоқ. Тек, алған ауызбыстырығын 7 есе қып яғни, 14 миллион 700 мың теңге қайтаруға міндеттелді.
Ал, ірі көлемдегі ақшаны ол тергелушінің айыбын жеңілдету үшін алмақшы болыпты. Ауызбастырық алу кезінде қолға түссе де, тергеу ісіне қатысы болмағандықтан пара алу бабымен айыпталмаған. 50 жастағы заң қызметкері прокуратура сабынан аластатылды. Шымкенттің ең беделді прокурорларының бірі саналатын ол, Тоқтар Төлешовтің ісінде және олигарх Серікжан Сейітжановтан 7 миллион доллар бопсалаушының процестерінде мемлекеттік айыптаушы болғандығымен танылған еді, — деп хабарлайды телеарна.