Шымкенттің туристік бизнесі Түркия стандарттарына сай жүргізіледі

1152
Шымкентте туристік бизнестің өкілдерін стандарттау және сертификаттау Түркияның стандарттарына сай жүргізілуі мүмкін. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Д.Жумин мен Анталиядағы Туризм академиясының ректоры Зафер Биккеноглумен болған кездесу барысында айтылды.
Кездесу барысында өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, үшінші мегаполистің туризм саласы мен қызмет көрсету саласын дамыту және студенттер мен жоғары оқу орындарындағы студенттердің біліктілігін арттыру тақырыптары сөз болды.
Туризм ұлттық экономиканы дамытудың жаңа драйверіне айналуы тиіс екенін айтқан қала әкімінің орынбасары Данат Жумин Шымкентте туризмді дамыту үшін жақсы мүмкіндіктер бар екеніне тоқталды.
Тараптар биылғы мамыр айында Шымкентте туризм және шағын бизнес, қонақ үйлер, мейрамханалар мен қызмет көрсету құрылымдарының өкілдері үшін бірлескен семинарлар мен шеберлік сабақтар өткізу туралы ауызша келісімге келді.
Дереккөз:ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ